Қырғы базар алдындағы дүңгіршектер түгел сүрілуде

  • 6 years ago
Шымкент қаласының билігі Қырғы базар алдындағы дүңгіршектерді бұзуға кірісті. Таңнан бері Әл-Фараби ауданы полиция бөлімінің жүздеген қызметкері базар маңындағы заңсыз сауда нүктелерін қоршауға алды. Себебі мұндағы жабайы сауда қала билігіндегілердің ұзақ жылдан берігі бас ауруы болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын сауда нүктелері орналасқан жердің иесі сотта жеңіліп, жер шаһар әкімдігінің қарамағына өтті. Енді құзырлы орган өкілдері аталған сауда орталығында тәртіп орнатуды мықтап қолға алды.

Recommended