• 6 years ago
"Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" деп әндеткен Абай Бегейдің жары Жанат 2015 жылы дүниеден өткен болатын. Бұған дейін сұхбаттарында "Балаларымның жүрегін ауыртамын" деп талай сыр ақтарған әнші ақырын белін буып, екінші рет шаңырақ көтерді. Әнші өзінің қуанышына NUR.KZ тілшісін қонақ ретінде шақырып, экслюзивті сұхбат берді.

Абай Бегей көпшілікті бұлай шулап кетеді деп ойламаған.
"Мұндай үлкен той жасау ойымда болмады. Бірақ, біріне айтып, басқасын шақырмасам ұят болатындай көрінді. Жақындарым ғана деп шақырғанның өзінде 200-дей қонақ шақырдым. Төртінші билік өкілдерін шақырғым келмеді. Жарнама жасап, елдің шулап талқылағанын қаламадым",- дейді әнші.
Жиналған қонақтардың 70% өнердегі әріптес, аға-әпкелері. Кештің асабасы кезек-кезегімен ауысып отырды. Марат Көккөзов бастаған асабалық тізімді "Өнер қырандарының" Мадияры, кейін Ерболат Төлегенов жалғаған.

Әдемі тойдың шымылдығын сахнадан сирек көрініп жүрген Ақылбек Жеменей әнмен ашты. Жұлдызды қонақтардың қатарында: Айгүл Иманбаева, Асхат Тарғын, Сәкен Майғазиев, Кенжебек, Ерлан мен Баян, Меруерт Түсіпбаева, "Жігіттер" тобы мен Заттыбек т.б. әріптестері болды.
Жұлдыздың жүрегіне жол тапқан арудың есімі – Фариза. Ар-ожданын биік қойып, толық жабынған ақ келін "Нұр-Мүбәрак" Египет ислам мәдениет университетінің магистранты. Айтпақшы, 2 шілде Абай Бегейдің әулеті үшін ұмытылмайтын күн. Себебі, бұл тек бақытты жұптың үйлену күні емес, сондай-ақ жас келіннің туған күні екен.

Бұл тойда Нұрлан Еспанов, Заир Бегалы секілді өнердегі достары қызмет көрсетті. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Сондықтан, Абайды сынаудың еш қажеті жоқ. Қаншама адамдар ажырасып, қайта үйленіп,той жасап жатыр. Адам тағдырына жазғанын көреді. Ер адамның жалғыз жүруі қиын. Әсіресе, өнердегі азаматқа ерекше бап керек. Оны Фариза келін жақсы біледі, түсінеді деп ойлаймын. Абай мен Фаризаға бақыт тілеймін", - деп ақ ниетін білдірді Нұрлан Еспанов.

Category

People

Recommended