Полицейлеріміз - қорғаушы ма, қорлаушы ма?

  • 6 yıl önce
Қорғаушы ма, қорлаушы ма? Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жеке меншік құрылыс алаңына құжат тексеруге келіп, қоқан-лоққы көрсеткенімен қоймай, соққыға жықты деп Қараспан ауылының бір топ тұрғыны бізге осындай шағымын айтты. Ал, ең сорақысы, аналарының полицейдің соққысынан құлағанын көріп, көмекке ұмтылған балалары керісінше қамауға алынған көрінеді. Қалай сонда? Заңды белден басу емес пе? Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бұл істің әділ жүргізілуіне назар салады деген үміттеміз.

Önerilen